Бір күні бір шәкірті Ибраһим Әдхәм хазіреттен былай деп сұрайды:
“Аллаһу та’ала: «Ей құлдарым! Менен сұраңдар! Қабыл етейін, берейін!» деп бұйырған. Бірақ қанша сұрасақ та қабыл болмай жатыр?”
Сонда Ибраһим Әдхәм:
- Аллаһу та’аланы шақырасыңдар, бірақ Оған бағынбайсыңдар!
- Пайғамбарын танисыңдар, оған ұйымайсыңдар!
- Құран кәрім оқисыңдар, көрсеткен жолымен жүрмейсіңдер!
- Құдайдың ниғметтерінен пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер!
- Жәннаттың ғибадат еткендер үшін екенін білесіңдер, дайындығын істемейсіңдер!
- Жаһаннамды әмірлерге қарсы шығушылар үшін жаратқанын білесіңдер, одан сақтанбайсыңдар!
- Бабаларыңның, аталарыңның не болғандарын көріп, ғибрат алмайсыңдар!
- Өз айыптарыңа қарамай, басқалардың айыптарын іздейсіңдер!
Мұндай адамдар, үстілеріне тас жаумағанына, жер жұтып кетпегеніне, көктен от жаумағанына шүкір етсін! Тағы не сұрайды? Дұғаларының нәтижесі, тек осы болса, жетпей ме?